6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСиноптиктердің болжамына сәйкес, биылғы жаз мезгілі алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай ыстық болмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жайында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлерде дала және орман өрттерінің қаупі арта түсуі мүмкін.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өртінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік дайындыққа келтіруі қажет, – деді министр.
Сонымен қатар Ерлан Нысанбаев елімізде жыл басынан бері тіркелген орман өрттерінің статистикасын да жария етті.
Жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4831 гектарды құрайтын 32 орман өрті тіркелген, – деді ол.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі