Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Қазақстанда «Еуразия» кинофестивалі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл – ТМД және Орталық Азия елдеріндегі ең ірі кинофестивальдердің бірі және кино әлеміндегі маңызды әрі ауқымды жоба, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ «Еуразия» кинофестивалі Federation Internationale des Associations de Producteurs de Films (FIAPF) аккредитациясына ие.
"Биыл мамыр және қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Еуразия» халықаралық кинофестивалін ұйымдастыруға және өткізуге ашық конкурс жарияланды. Барлық тиісті рәсім Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізілді", – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов.
Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта кинофестивальді өткізуге FIAPF ұйымының аккредитациясына ие компаниямен келісім-шарт жасалған.
Желтоқсан айында барлық талаптарды сақтай отырып, елімізде "Еуразия" кинофестивалі өтетін болады.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді