Әскерге шақыру – бұл мемлекет тарапынан азаматтарды Қарулы күштер қатарына қызмет етуге тарту процесі. Қазақстанда бұл жүйе заңмен реттелген және әрбір әскери міндетті азамат үшін міндетті сипатқа ие. Көктемгі және күзгі шақыру кезеңдерінде 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар арнайы тексерістерден өтіп, әскери қызметке жарамдылығы анықталады.
Әскерге шақырту қағазы (повестка) деген не?
Әскерге шақырту қағазы – бұл азаматты жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) шақыратын ресми құжат.
Ол медициналық тексерістен өтуге, деректерді нақтылауға, әскери қызметке жарамдылықты анықтауға жәнк шақыру мақсатында беріледі.
Маңыздысы – әскерге шақырту қағазы жай ғана формальді құжат емес, ол заңдық күші бар міндетті талап. Яғни, оны елемеу жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Әскерге шақырту қағазы қалай беріледі?
Қазіргі таңда әскерге шақырту қағазын жеткізудің бірнеше тәсілі бар:
Цифрлық хабарламалар:
Бұл – процесті жеңілдету және азаматтарды уақытылы хабардар ету үшін енгізілген жаңашылдық.
Әскерге шақырту қағазын алғаннан кейін не істеу керек?
Ең алдымен құжаттағы мәліметтердің дұрыстығын тексеру қажет:
Содан кейін қажетті құжаттарды дайындау керек:
Бұл құжаттар комиссия барысында маңызды рөл атқарады.
Егер шақырылған уақытта бара алмасаңыз ше?
Өмірде түрлі жағдайлар болады. Егер белгіленген күні келу мүмкін болмаса:
Мысалы:
Маңыздысы – себеп «дәлелді» деп танылуы тиіс. Әйтпесе, жауапкершілік қарастырылады.
Жауапкершілік қандай?
Әскерге шақырту қағазы бойынша келмеген жағдайда:
Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды.
Әскерге шақырту қағазы бірден әскерге кетесіз деген сөз бе?
Жоқ. Бұл – ең көп таралған қате түсінік.
Көп жағдайда әскерге шақырту қағазы деректерді нақтылау, медициналық комиссиядан өту және жарамдылық санатын анықтау үшін беріледі.
Яғни, бұл тек алғашқы кезең. Тікелей әскерге жіберу туралы шешім кейін қабылданады.
Кімдерге кейінге қалдыру (отсрочка) беріледі?
Қазақстан заңнамасына сәйкес, кейбір азаматтарға уақытша кейінге қалдыру қарастырылған:
Әр жағдай жеке қаралады және тиісті құжатпен дәлелденуі керек.