Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 115,3 мың отбасындағы 592,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінді, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
2022 жылғы 1 шілдеде АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 154,9 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айындағы ТЖ режиміне байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың 1 тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушыларға Электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі берілді.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс