Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.
Биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен 88 мыңға жуық грант бөлінген. Яғни оқуға талпынған, білімі жеткілікті, ертеңгі күнге арман-мақсаты бар студентке барлық жағдай жасалып отыр.
«Мемлекеттік грантты берудің өзінің ережесі бар. Соған сәйкес, грант тағайындалған мерзімнен бастап, ақылы түрде оқып жатқан студент үшін оқу ақысы тоқтатылады. Ал сол күнге дейін немесе академиялық күнтізбеге дейінгі оқыған уақыт үшін ақша төлеу мәселесі келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылады», - деді Ержан Әмірбекұлы.
Сондай-ақ Ержан Әмірбекұлының сөзінше білім беру университеттеріне қойылатын арнайы талаптар бар. Сол талаптарға сәйкес келмейтін ЖОО нарықтан шығу керек. Мұндай университеттердің жабылғандығы туралы министрлік бұған дейін мәлімдеген.
«Жеке оқу орындары шешімді дербес қабылдайды. Бағаға мониторинг жүргізіп отырамыз. Ал шектен тыс өсуіне министрлік мүдделі емес», - деді Ержан Әмірбекұлы.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс