Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚаржы министрлігі 2025 жылы елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылатынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда жаңарту Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктіне қатысты.
Жоспарланған жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 ретке дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру сондай-ақ шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту күтіліп отыр. Биыл 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, - делінген министрлік мәліметінде.
Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны «Qoldau.kz» платформасында және «CargoRuqsat» мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.
Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары