Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Қазір Қазақстанда жалпы ұзындығы 7 мыңдай шақырым республикалық маңызды автожолдардың 200-ге жуық учаскесінде жол салынып жатыр. Оның ішінде 4 мың шақырымдай жерде жаңғырту жұмыстары, қалған 3 мың шақырымында жоспарлы жөндеу (орташа және күрделі) жұмыстары іске асырылып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жұмыс Қарағанды – Балқаш – Алматы, Мерке – Бурылбайтал, Талдықорған – Қалбатау – Өскемен, Қалбатау – Майқапшағай, Атырау – Астрахань, Ақтөбе – Қандыағаш, Өнеге – Бисен – Сайхин және басқа да трассаларда қолға алынған.
Бір маусымда республикалық автожолдарға 3,5 млн тонна асфальт төселді. Мәселен, маусым айынан бастап Қарағанды – Балқаш тас жолының 128 шақырымдай жеріне жаңа жол жабыны салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарымен 8 учаске қамтылды. Қазір 363 шақырымның 281 шақырым жерінде жол қозғалысы қамтамасыз етілген. Бұған дейін айналма жолдардың жалпы ұзындығы 148 шақырымды құраса, қазір 4 шақырым ғана.
Сонымен қатар Қызылқой мен Нұраталды ауылдары арасындағы күрделі учаскеде екі жолақты жол қозғалысы ашылды.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді