1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚостанай облысында жыл басынан бері 175 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл облыста 1500 адам баспананы иеленді. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсім 3,5 пайызды құрады.
Биылғы жылдың соңына дейін барлығы 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл өткен жылдың деңгейінен 11,4 пайызға артық. Құрылыс тек облыс орталығы мен қалаларда ғана емес, аудандарда да жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 28,6 пайыз өсіммен 27 миллиард теңге бөлінді, - деді әкім.
Облыс әкімі кезекте тұрған халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін биыл 200 пәтерді сатып алуға 2,3 миллиард теңге бөлінгені жайлы айтты.
Сондай-ақ қазіргі таңда облыста «Қостанай жастары» бағдарламасы іске асырылып жатыр.
2022 жылы ол облыс орталығында 700 миллион теңгеге пилоттық режимде іске асырылды. Биыл география кеңейтіліп, қаржыландыру сомасы 3 есе ұлғайды. Қазірдің өзінде 2,1 миллиард теңге бөлінді. Кем дегенде 140 адамды қамту жоспарлануда, - деді Құмар Ақсақалов.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?