Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖыл басынан бері қазақстандықтар емханаларға 103 млн-нан астам рет қаралған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда емханаға жүгіну көрсеткіші 7%-ға өскен. Емханалар деңгейінде дәрігерлерге қаралу саны — 81,3 млн, ал үйде пациенттерді қарау саны 7,5%-ға артып, 17,5 млн-ға жетті.
Ауыл тұрғындарының бастапқы медициналық ұйымдарға қаралу саны 3,8%-ға артып, 41,8 млн-ды, оның ішінде 9 млн-нан астамы үйде қаралуды құрады. Осылайша, егер жыл басында жалпы практика дәрігерлеріне өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігінің үлес салмағы 20% деңгейінде болса, онда 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 89,5%-ға жетті, арнайы мамандарға өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігі 4%-дан 23,4%-ға дейін өсті, — делінген ДСМ хабарламасында.
Айта кетсек, министрлік тарапынан пациенттің бағыты оңтайландырылып, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылаудың нақты алгоритмі, талдаулардың тізімі және оларды зерттеп-қарау еселігі анықталды, сондай-ақ пациенттерді динамикалық бақылаудың мультидисциплиналық тәсілі енгізілді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?