Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыБиыл қантар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 4,9 пайызға өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде нақты сектор – 3,5 пайызға, ал қызмет көрсету саласы – 5,6 пайызға өсті.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров салалар арасында ең жоғары өсу құрылыс, сауда, ақпарат, байланыс және көлік саласында екенін атап өтті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 14,6 пайызды құрады. Инвестициялар ағыны ақпарат және байланыста – 2,8 есеге, көлік және қоймалауда – 58 пайызға, саудада – 34 пайызға, білім беруде – 17 пайызға, ауыл шаруашылығында – 11 пайызға, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5 пайызға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 4,6 пайызға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсу Маңғыстау, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарында байқалды, - деді министр.
Қуантыровтың сөзінше, алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-қазанда сыртқы сауда тауар айналымы 2,6 пайызға өсіп, 114 млрд доллардан асты.
Экспорт 65 млрд долларға, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 21 млрд долларға жуықтаған. Тауарлар импорты 49 млрд-тан астам долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 15 млрд доллардан асқан.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды