23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді2023 жылы еліміздің өңірлерінде жаңадан 36 спорт нысанының құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, спорт инфрақұрылымын қаржыландыру, жөндеу және қайта жабдықтау жұмыстары жергілікті әкімдіктердің құзыретіне кіреді.
Атап айтқанда, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының әрқайсысында 4 спорт нысанынан салынады.
Жамбыл және Ұлытау облыстарында 3 спорт нысанынан салынса, Абай, Атырау, Түркістан облыстарында 2 нысаннан жоспарланған. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарының әрқайсысында 1 спорт нысаны жаңадан бой көтереді.
Бұдан бөлек, биыл жұмыс істеп тұрған спорт нысандарын реконструкциялау бағытында 9 нысанды жөндеуден өткізу қарастырылған.
Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сай 2029 жылға қарай елімізде жаңадан 113 спорт нысанын қолданысқа беру жоспарланған. Сондай-ақ 20 спорт нысанын жаңғыртып, модернизациялауды және 6 спорт нысанын қайта жабдықтауға ниетті.
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарымыздың санын арттыру үшін өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту қажет. Мәдениет және спорт министрлігі жаңа спорт нысандарын салу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. 7 облыста 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. 2029 жылға дейін жаңадан 113 спорт нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ әкімдіктермен аз шығынды қажет ететін, модульді спорт алаңдарын салу бағытында да бірлесе жұмыс атқаратын боламыз, - деді мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады