Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиыл республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды, оның ішінде 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
80 медициналық мекеме жөнделіп, 4 көпсалалы орталық аудандық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Стационарларда 3 млн-ға жуық адам көмек алды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 млн-нан астам адамды қабылдады. 360 мыңнан астам нәресте дүниеге келді (11 айдың қорытындысы бойынша). Жедел медициналық жәрдем күштерімен 8 млн шақырту бойынша көмек көрсетілді. Осы жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 трлн теңге болды.
Барлығы 3,9 млн пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. ҚР медициналық мекемелері үшін 58,8 млрд теңгеге 514 бірлік медициналық техника сатып алынды.
Жалпы профилактикалық тексерулермен шамамен 2,6 млн ауыл тұрғыны қамтылды. Медициналық пойыздар шеңберінде 50 мыңнан астам адам қызмет алды.
Дәрігерлерге, оның ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 2023 жылы республикалық бюджет есебінен 6 мыңға жуық білім беру гранты бөлінді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары