2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліӨңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайрат Қамзин тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы айтып берді.
Облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспана құрылысы бірнеше бағытта жүріп жатыр. Олар – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін арендалық пәтерлер және несиеге берілетін тұрғын үйлер.
Сатып алу құқығынсыз пәтерлер Қарағанды, Приозерск, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарында салынады. Жаңа тұрғын үй салудан басқа, облыста бос тұрған үйлерді қалпына келтіру тәжірибесі қолданылады. Қазір Доскей ауылында, Шашубай кентінде және Ақтоғай ауданында үйлер қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлады Қайрат Қамзин.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін несиелік 4 үй (үшеуі Қарағандыда және біреуі Теміртауда) пайдалануға беріледі. Мұндай тұрғын үйлер Балқаш пен Шахтинск қалаларында да салынуда.
Жеті айда облыста 254,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% көп.
Басқарма басшысының мәліметінше, 1 200 жер учаскесі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Жұмыстар Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск қалаларында және Бұқар Жырау ауданында жүргізілуде. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін тұрғындар өз үйлерінің құрылысына кірісе алады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс