2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрОсы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 14,8 трлн теңге түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,1%-ға артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ranking.kz сарапшылары нақтылағандай, өткен жылдың ұқсас кезеңінде мемлекеттік бюджеттің кірістері 11,3 трлн теңгені құрап, бір жылда 10,4%-ға ұлғайған.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің 71,9%-ы салық түсімдерін құрады. Оның ішінде қосылған құн салығынан түсетін түсімдер - 4,2 трлн теңгені, табыс салығы - 3,8 трлн теңгені, халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар - 1,6 трлн теңгені, әлеуметтік салықтар - 741,2 млрд теңгені, меншік салығы - 351,5 млрд теңгені құрады.
Айта кетсек, салықтық емес түсімдер бір жылда 39,5%-ға, 343,7 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 140,4 млрд теңгені, мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар - 79,4 млрд теңгені, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін түсімдер - 2,5 млрд теңгені құрады.
«Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бір жылда бірден 33,8%-ға, яғни 171 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түскен кірістер - 145,9 млрд теңгені, жер мен материалдық емес активтерді сатудан - 23,8 млрд теңгені құрады. Трансферттер түсімдері бір жылда 7,6%-ға, яғни 3,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды», делінген сарапшылардың хабарламасында.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова