Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБиыл медициналық қызметтерді қаржыландыруды 11%-ға немесе 2 трлн. 488 млрд теңгеге дейін ұлғаяды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде білікті мамандардың қосқан үлесі өте зор. Оларға тиісті жағдай жасау және жалақы мөлшерін көтеру де министрлік назарынан тыс қалмайды. Осы орайда, медицина қызметкерлерінің табысын арттыру мақсатында 2022 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға ұлғайтылды (416 мың теңге), орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 20%-ға ұлғайтылды (208 мың теңге), биыл қаржылық қолдау жалғасатын болады. 2023 жылы медициналық қызметтерді қаржыландыруды 11%-ға немесе 2 трлн. 488 млрд.теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлаудамыз. Сонымен қатар, біз медициналық көмектің басым бағыттары бойынша, оның ішінде медицина қызметкерлерінің орташа жалақысының өсуін ескере отырып, тарифтерді қайта қарадық, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта республикада денсаулық сақтаудың кадр ресурстарына қажеттілік 7,7 мыңнан астам штат бірлігін құраса, оның ішінде дәрігерлер шамамен 3,9 мың маман, орта медицина қызметкерлері шамамен 3,8 мың маманға тең.
Министрлік дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру және отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. 2022 жылы жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден астам 177 бірлік медициналық техника сатып алынып, өңірлерге бөлінді.
Фармацевтикалық нарықтағы отандық өндірістің үлесін 50% - ға дейін ұлғайту үшін сайлауалды платформаны орындау шеңберінде 2025 жылға қарай «Big Рһаrма»–мен жұмыс жалғастырылатын болады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады