7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов нашақорлықтың алдын алу жұмыстары әлсіреп кеткен айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 3 жылға арналған кешенді жоспары әзірленді. Оның негізгі мақсаты – есірткінің қоғамға аса қауіпті түрлерінің, әсіресе, синтетиканың жолын кесу, нашақорлыққа тәуелділікті ерте анықтауды енгізу, уәкілетті органдардың құзыреті мен мәртебесін арттыру және материалдық техникалық жағдайды жақсарту қарастырылып отыр, - деді Ішкі істер министрі.
Мемлекет басшысы осы мәселеге қатысты бақылауды күшейтуді тапсырғанын және бұл жоспардың бұрынғыға қарағанда ерекшеліктері бар екенін айтты.
Нашақорлықтың профилактикасы әлсіреп кеткенін ашық айту керек. Ішкі істер министрлігі тек қылмыстық қудалаумен айналысып, басты мақсат – жазалау болды, – деді Марат Ахметжанов.
Министрдің сөзінше, есірткіні «телеграм-боттар» немесе басқа да интернет-ресурстар арқылы сату кеңінен тарап кеткен..
Біз мұндай инкогнито интернет-дүкендерді жауып жатырмыз. Биыл 604 есірткі сайтын жаптық. Бірақ бұл шара мәселені түбегейлі шешпейді. Өйткені жаңа сайттарды ашу тез, ал оны анықтау ұзақ. Ұйымдастырушыларды анықтау одан да күрделі. Себебі, олар шетелдерде орналасқан, – деді ІІМ басшысы Марат Ахметжанов
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?