7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен биыл 10 жаңа кино жоба көрерменге жол тартады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, бұл фильмдердің ерекше сюжеті, қызықты оқиғалары көрермен көңілінен шығады деген сенім мол.
Көптен күткен жобалардың бірі – «Капитан Байтасов» фильмі. Оны режиссер Дәурен Қамшыбаев түсірген. Фильмнің сценарийін жазуға кейіпкердің ұлы Арманжан Әбдібеков белсенді қатысты. Бұл туынды ұлттық кинематография тарихына ерекше үлес қосып, ерліктің, батырлықтың символы ретінде халық жадында мәңгі сақталатын қаһарманның бейнесін дәріптейді, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар көрерменге биыл басқа да қызықты жобалар ұсынылады. Олардың қатарында лудомания мәселесін қозғайтын «Игроманка» драмасы, футбол тақырыбындағы спорттық драма «90+1», «Осенний бриз», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Ароматное сердце» және «Абель» фильмдері бар.
2025 жылы ұсынылатын жаңа фильмдерде жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететін, көрерменге ой салатын құнды идеялар көрініс табады.
Сондай-ақ наурыз айының басында кино жобаларға арналған байқау жарияланады. Жаңа фильмдер үшін басымдық берілетін тақырыптар – отанға деген сүйіспеншілік, экология және еңбекқорлық.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?