Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСоңғы алты жылда 1 367 балабақша ашылып, кезекте тұрғандардың санын 5 есеге қысқартуға қол жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі премьер-министр Олжас Бектеновтің мақаласына сілтеме жасап.
Білім беру саласында атқарылып жатқан іс-шаралар мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын жоюға, білім сапасын жақсартуға, педагог мәртебесін көтеруге бағытталған.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары 100% тегін тамақпен қамтамасыз етілді. 2019 жылдан бері елімізде рекордтық көлемде – 1 200 мектеп салынып, 1 миллионға жуық оқушы орны ашылды. Ауылдық жерлердегі 3 мыңнан астам мектеп жаңғыртылды. Бұл 32 апатты жағдайдағы және 71 үш ауысымды мектептің мәселесін, сондай-ақ еліміздегі 200 мектептегі орын тапшылығын шешуге мүмкіндік берді. Биыл шамамен 200 мектептің құрылысы жалғасады,- делінген мақалада.
Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан орталықтары мен ауылдарда 1 мың мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өте маңызды бағыт, өйткені еліміздегі орта мектептердің 2/3 бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады