Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанда қаңтар мен ақпанда 2,1 млн шаршы метрден астам тұрын үй пайдалануға берілді. Бұл 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 22,2%-ға көп, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, пайдалануға берілген тұрғын үй саны бойынша Алматы қатарынан екінші ай көш бастады: +102,2%. Сондай-ақ алғашқы үштікке Маңғыстау облысы (+80,7%) мен Шымкент (+61,5%) қалалары енді.
Бұл ретте 20 өңірдің үшеуінде, яғни СҚО (-28,1%), Ұлытау облысы (-25,7%) және Астанада (-0,1%) тұрғын үйді пайдалануға берудің теріс динамикасы байқалады.
Биыл екі айда ғана 4 568 тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілді. Оның 178-і – көпқабатты үйлер, 4374-і – жеке үйлер және 16 жатақхана.
Пәтерлер ең көп пайдалануға берілген өңірлердің бестігі:
Жыл басынан бері 18 902 пәтер пайдалануға берілді (өткен жылмен салыстырғанда 34,5%-ға көп).
Қазақстанда қаңтар-ақпан айларында тұрғын үй құрылысының нақты құны 370 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,1 пайызға көп. Қаражаттың үштен бірі, яғни 103 миллиард теңгеге жуығы Алматыдағы тұрғын үй құрылысына жұмсалды.
Қазақстан бойынша құрылыстың нақты құны 1 шаршы метрге 172,3 мың теңгені құрады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек