23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанда 2025 жылы дүниеге келген сәбилерге ең жиі қойылған есімдер белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл деректерді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынды. Есімдер тізімі 1 қаңтар мен 22 мамыр аралығында тіркелген нәрестелердің есімдері негізінде жасалды.
Ұл балаларға ең танымал есім – Айсұлтан, ал қыздар арасында Айлин есімі көш бастап тұр.
2025 жылғы ұл балаларға ең көп қойылған 25 есім:
Айсұлтан, Мұхаммед, Омар, Алихан, Рамазан, Алдияр, Мухаммад, Амир, Алан, Хамза, Әли, Нұрислам, Альтаир, Айбар, Ислам, Алинұр, Муслим, Мансұр, Дінмұхаммед, Зейін, Ибраһим, Мирас, Хақназар, Арлан, Арсен.
Қыз балаларға ең көп қойылған 25 есім:
Айлин, Медина, Асылым, Айша, Мариям, Томирис, Аяла, Сафия, Раяна, Айым, Амина, Адия, Хадиша, Зере, Хадия, Ясина, Айару, Айкөркем, Айзере, Кәусар, Аиша, Ясмина, Жасмин, Фатима, Айдай.
Оқи отырыңыз:
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы Қазақстанда ең сирек қойылған есімдер де белгілі болған еді: Акиль, Алим Хан, Христос, Тынар, Темир-Султан, Сэмюэл, Симеон, Сейфадин, Прохор, Марьян, Майяр, Илиан, Гурами, Гамлет, Варлам, Буслай, Божен, Артурий, Анувар и Қасымағали.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады