30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖаңа оқу жылында Қазақстанда 380 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Қазір олардың 320 мыңға жуығы, яғни шамамен 84%-ы мектепке қабылданып үлгерген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Қабылданған балалардың 296 мыңға жуығы мемлекеттік, 23 мыңға жуығы жекеменшік мектептерде білім алады. Қалалық мектептерге 191 мыңға жуық, ауылдық мектептерге 128 мыңға жуық бала қабылданған. Сондай-ақ олардың арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 мыңға жуық бала бар.
Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Бүгінде болжанған бала санының 320 мыңға жуығы, яғни шамамен 84%-ы мектептерге қабылданды, – делінген министрлік хабарламасында.
Балалардың 71%-дан астамы қазақ тілінде оқиды
Биыл бірінші сыныпқа баратын балалардың басым бөлігі қазақ тілінде білім алуды таңдаған. Министрлік мәліметінше, болашақ бірінші сынып оқушыларының 71%-дан астамы қазақ тілінде, 26%-дан астамы орыс тілінде, ал 2,5%-ға жуығы басқа тілдерде білім беретін сыныптарға қабылданған.
Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің 2 мыңнан астам баласы қазақ тілінде оқитын болады.
Өзге ұлт өкілдерінің 2 мыңнан астам баласы қазақ тілінде білім беретін сыныптарға қабылданды. Бұл ата-аналардың балаларын қазақ тілінде оқытуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді, – деп хабарлады ведомство.
Ата-аналардың көбі құжатты онлайн тапсырған
Бірінші сыныпқа қабылдау әлі жалғасып жатыр. Өтініштер 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен қабылданады. Қазір ата-аналардың басым бөлігі мектепке бармай-ақ, құжаттарды онлайн рәсімдеуді таңдаған. Өтініштердің 84%-ға жуығы электронды форматта берілген.
Құжаттарды eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады. Сондай-ақ ата-аналар таңдаған мектебіне тікелей барып өтініш бере алады. Құжат қабылдау Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатыр.
Бірінші сынып оқушылары қай өңірлерде көп?
Биыл бірінші сыныпқа баратын балалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда 50 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтіледі. Одан кейін Алматы облысы тұр – 35 мыңнан астам бала. Астанада 33 мың, Алматыда 31 мыңнан астам, ал Шымкентте 29 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп болжанып отыр.
Министрлік бұл өңірлердегі көрсеткіштің жоғары болуын халық санының көптігімен және туу деңгейінің жоғары болуымен байланыстырады. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға құжаттарды уақытылы рәсімдеуді ескертті. Бірінші сыныпқа қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Қосымша ақпаратты таңдаған мектептен, eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасынан алуға болады.
Бұған дейін біз жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасына қойылатын талаптар туралы жазған едік.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды