22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБиыл Атырау облысында 12 мыңнан астам адам жұмыстан босатылады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысында жұмыссыздық 4,9 пайызды құрайды. Биыл 11 мынан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 6 мынан астамы – тұрақты жұмыс орны. Бізде үлкен инвестициялық жобалардың іске асырылуы аяқталып келеді. Жұмыстардың аяқталуына байланысты тұрғындарымыз ол жобалардан босатылып жатыр. Оларды жұмысқа орналастыруымыз керек. Биылдың өзінде 12 мыңнан астам азаматымыз жұмыстан босатылуы керек. Қазір 2 700-і жұмыстан шықты. Олардың 1 237-сі әлеуметтік іс-шаралармен қамтыдық, - деді облыс басшысы бүгін Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, биыл ұлттық жобалар аясында 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады.
Алдағы 5 жылда ірі инвестициялық жобаларда 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 13 мыңы құрылыс кезінде, қалған 3 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орындары болады, - деді Серік Шәпкенов.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев