11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек1 наурызынан бастап Қазақстанда азаматтарды әскери қызметке көктемгі шақыру басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордадан әскерге шақырылған 1 мың азамат әскери борышын өтеуге жіберіледі. Бұл туралы Астана қаласы Қорғаныс департаменті басшысының орынбасары Әнуар Әубәкіров Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Спикердің сөзінше, қазақстандықтарды 2025 жылы мерзімді әскери қызметке шақыру әскерге шақырылушылар санының артуы, әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру мәселелерінің жүзеге асырылуымен, сондай-ақ тіркеу және шақыру жұмыстарын цифрландырумен байланыстырылады.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында, сондай-ақ әскерлердің қажеттілігіне сәйкес 2025 жылы осы санаттағы азаматтарды Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға шақыру 2000-ға жуық адамға ұлғайтылды. Сонымен бірге, осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті әскери басқару органдарында мерзімді әскери қызметшілердің әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау бойынша шақыру және дәрігерлік комиссиялар жұмыс істей бастады, - деді Әнуар Әубәкіров.
Оның мәліметінше, Астанадан әскери қызметке 1 мың жаңа сарбаз жіберіледі.
Биыл әскерге шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы жігіттер шақырылады.
Әскери қызмет әрбір жас азамат үшін заң жүзінде бекітілген міндет екенін және оны орындамау барлық қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салғым келеді, - деп еске салды ол.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес