Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕлімізде 1 сәуірден бастап жалпы орта білім беретін мектептерге 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау жүргізілуде. Елордада бүгінде 1-сыныпқа 26 650 бала қабылданды. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
1 қыркүйекте балалардың жалпы саны қала бойынша 255 мыңнан астам болады деп күтілуде. Мамандандырылған мектептерден басқа барлық мектептер 1-сыныпқа баратын балаларды ешқандай емтихансыз қабылдайды. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету мақсатында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша қабылдау комиссиялары жұмысын жүргізіп отыр, - деді Білім басқармасының басшысы.
1 тамызда құжаттарды электрондық үкімет egov.kz порталы арқылы қабылдау аяқталды. Дегенмен қазіргі таңда әрі қарай қабылдау жұмысы қағаз жүзінде жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар 10-сыныпқа қабылдау жұмысы да жалғасуда. Білім беру ұйымдарына 10-сыныпқа қызмет көрсету аумағында тұратын оқушыларды қабылдайды. Қабылдау білім алушының жеке өтініші немесе ата-анасы мен өзге заңды өкілдерінің өтініші, негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылады. Бүгінде білім беру ұйымдарының 10-сыныбына 8360 бала қабылданды, - деді Қасымхан Сенғазыев.
Қазіргі уақытта Астана қаласында 67 642 баланы қамтитын 505 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 100-і мемлекеттік, 402-сі жекеменшік және үшеуі ведомстволық.
Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды