23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл абаттандыру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елордамыз жыл сайын көркейіп, құлпырып келеді. Бұрын бос жатқан аумақтар мен күтімсіз жерлер бүгінде біртіндеп «жасыл мекенге» айналып келеді. Биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек (көшет, бұта, ағаш) егеміз. Оның ішінде елорданың жасыл белдеуі де бар, - деп атап өтті елорда әкімі.
Айтуынша, саябақтар мен қоғамдық орындарды ғана емес, сол сияқты тұрғын үйлерді, аулаларды, көрікті жерлерді, әлеуметтік нысандарды ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгін «ҚазМұнайГаз» гүлзарында ағаш отырғызу іс-шарасына қатыстым. Ашық аспан астында ғарыш музейінің жанындағы бұл аумақ біртіндеп жайлы әрі жасыл алаңға айналып келеді. Биыл 170 аула мен қоғамдық орынды (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырдық. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданын қамтиды, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады