Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2024-2025 оқу жылында 523 түлек су саласы мамандықтары бойынша грантқа (бакалавриат) түсті. Былтыр 266 студент су шаруашылығы мамандықтары бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талапкерлердің басым бөлігі – 241 түлек «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығын таңдады. Ал, «Гидрогеология және геоэкология» мамандығы бойынша 150 талапкер, «Гидрология» мамандығы бойынша 95 түлек оқуға түсті. 26 адам «Гидротехникалық құрылыс», 11 талапкер «Сумен жабдықтау және су бұру» мамандықтарын таңдады.
«Біз су саласының кадрлық әлеуетін арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Өздеріңіз білетіндей, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылып, 129 талапкер бакалавриатқа грантқа түсті. Сондай-ақ, министрлік 9 ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осының нәтижесінде биыл 82 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен айтарлықтай көп», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?