Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім алуға қолайлы орта құру мақсатында 280 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда республика бойынша 7 859 мектеп жұмыс істейді. Оның 6 387-сі жақсы жағдайда. Десе де министр кейбір аймақтар Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында жөндеу бойынша ең үлкен қажеттілік байқалатынын атап өтті. Министрлік бұл мәселені 2027 жылға дейін шешуді жоспарлап отыр.
Білім алуға қолайлы орта құру мақсатында 280 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 222 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылының басына дейін аяқталуы тиіс. Ал 58-де құрылыс-монтаждау жұмыстарының белгіленген мерзімдеріне сәйкес аяқтау көзделген, – деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ министр су тасқыны болған өңірлерде 5 нысанды қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанын айтты. Ал 16 нысан бойынша жұмыстар әлі жүргізілуде.
Жалпы 2024 жылы 536 мың жаңа оқушы орнына арналған 302 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл шаралар биылғы оқу жылында 92 үш ауысымды және оқушы орны тапшылығы бар 249 мектептің проблемаларын шешуге бағытталып отыр. Әкімдіктер мектептерді іске қосу мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауы қажет, – деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?