23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Биыл 28 темір жол вокзалына жөндеу жұмысы жүргізіледі. Атап айтқанда, инженерлік жүйелер, кіру топтары, шатыр, жолаушылар платформалары мен басқа да орындар жөнделеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ресми сайтына сілтеме жасап.
Компанияның хабарлауынша, жақында күрделі жөндеу жұмыстары Астана темір жол вокзалынан басталады. Жөндеу жұмыстары болып жатқан жерде адамның жүріп-тұруы шектеледі. Бірақ вокзал үздіксіз жұмыс істейді. Нысанды пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасасқаннан кейін белгілі болады.
Ауқымды жаңарту шеңберінде қолданыстағы дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы және құлақтандыру құрылғылары да жаңғыртылатын болады. Сондай-ақ инженерлік жүйелерді ауыстыру, вокзалдың іргелес аумағын абаттандыру көзделген.
Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде халықтың барлық тобы үшін қолайлы және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік