Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов жұмыскерлер жалақыны арттыру талабымен ереуілге шыққанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл республиканың 15 кәсіпорнында 3 сағаттан астам уақытқа кәсіпорын жұмысы тоқтатылған ереуілдер болды. Маңғыстау облысында – 7, Атырау облысында – 3, БҚО – 2, Ақтөбе облысында – 2, Ұлытау облысында – 1.
Қазіргі уақытта барлық ереуіл аяқталды. Жұмыскерлердің негізгі талаптары – жалақыны арттыру, «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес ұйымдарының штатына ауыстыру, сыйақылар төлеу, еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны индекстеуді жүргізу, - деді Оспанқұлов.
Салалық бөліністе жанжалдардың негізгі үлесі мұнай-газ, тау-кен
металлургиясы және коммуналдық салалардың кәсіпорындарына, сондай-ақ олардан тапсырыс алатын ұйымдарға тиесілі.
Барлық ереуілдер Еңбек кодексінде белгіленген жұмыскерлердің талаптарды ұсыну рәсімдерін сақтамай, «стихиялық тәртіппен» өтті. Осыған байланысты сот шешімімен бес ереуіл заңсыз деп танылды. Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың тағы бір негізгі бағыттарының бірі – олардың біліктілігі мен еңбек шарттарына сәйкес келетін жұмыскерлерге еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету, - деді комитет төрағасы.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары