Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқылануда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп болжанып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Бұл «Жезқазған – Қарағанды», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» жаңа жобалары, сондай-ақ Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар.
Осы жобаларды іске асыру үшін ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ және басқаларын қосқанда, халықаралық қаржы институттарымен жеңілдетілген қаржы бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тендерлерге қатысу кезінде отандық компанияларға преференциялар бере отырып, конкурстық шарттарды қайта қарау маңызды қадам болды. Бұл қазақстандық кәсіпорындарды құрылыс жұмыстарына көбірек тартуға мүмкіндік берді. Мәселен, «Қарағанды – Жезқазған» жобасы бойынша тендерге қатысушылар саны 2-ден 10-ға дейін өсті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?