Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжаттанды. Олардың ең үлкені – 110 жаста. Оңай Бекбаева Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрады. Жақында ол құжат алу үшін көші-қон қызметінің көмегіне жүгінді.
Облыс полицейлері жаңа жыл қарсаңында өңірдің ең қарт тұрғынына жаңа жеке куәлік пен төлқұжатты тапсырып, қал-жағдайын біліп қайтты. Полицейлер келген кезде әжей сәлемдесе алмады, бірақ балалары қонақтарды қуана қарсы алды. Оңай апа үш қызы мен екі ұлынан 33 немере мен 25 шөбере тәрбиелеп отыр. Әжейдің ұлдары мен қыздары полицейлердің көрсеткен ықыластарына алғыстарын білдіріп, халықтың тыныштығын қорғау саласындағы қиын қызметтеріне сәттілік тіледі.
ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің мәліметіне сүйенсек, биыл Қазақстанда 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген. Айта кеткен жөн, денсаулығы нашарлаған және күнделікті жүріп тұруы қиын адамдарға көші-қон қызметтері тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?