23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесі Алматы мен Астанадан басқа барлық өңірде шешілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл мақсатта жатақханалар салуға арналған мемлекеттік тапсырыс тетігі оңтайландырылды. Бір орынға арналған норматив (АЕК) 40%-ға ұлғайтылды, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартылды. Аталған тетік заманауи дизайны бар, жасыл кампус тұжырымдамасымен және шетелдік студенттік резиденциялар (student residence) форматына сәйкес келетін жатақханалар салуға мүмкіндік берді. Астана мен Алматы қалаларындағы жер учаскелерінің тапшылығын ескере отырып, ҚР ҒЖБМ мемлекеттік университеттерінің осы қалалардағы ғимараттарды жатақханаға қайта құру кезінде мемлекеттік тапсырыс мөлшерін 1 орынға жылына 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде», — деді Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар министрлік жатақханалар салу және жалпы жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын нығайту үшін МЖӘ тетігін пайдалану мәселесін пысықтауда.
Биыл барлығы 10 576 орындық 27 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 2 369 орындық 10 жатақхана тапсырылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік