Биыл 10 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылады

18 Қараша 2022, 16:15 1889

Мемлекетке 4,68 млн га жер қайтарылды

«Жер аманаты» комиссиясы еліміздің өңірлерін аралап, пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару ісі­мен айналысып келеді. 5 млн жерді қайтару көзделгенімен, қазіргі таңдағы көрсеткішке сай жыл соңына дейін 10 млн га жерге жуықтайтыны мәлім.

9 тамызда Қазақстан Президентімен Жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлық қабылданған болатын. Бұл өз кезегінде жердің пайдалануы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды айтарлықтай күшейте түсті. Мұндай стратегиялық міндет – елдегі агроөнеркәсіпті кешенді дамытуға әкеледі. Қазірдің өзінде 238 жер инспекторы пайда болды.

Пайдаланылмайтын және заңсыз табысталған жерлерді қайтару дегенде, кейбір  азаматтар қандай заң бұзушылық орын алатындығы жайлы түсінбей жатады. Мемлекетке қайтару деген – кезінде жекешеленген жердің бәрін қайтару емес. Кәсібін дөңгелетіп отырғандар да бар. Негізгі заңбұзушылық – жер иелері ал­ған жерін тиісті мақсатта пай­­­даланбаған. Алайда, жер заңнамасының нормаларын сақтау кезінде де қателіктер кеткені жасырын емес. Жерді ғана емес, жер қойнауын да заңсыз пайдаланып жатқандай көбейіп барады. Осы көлемдің жұмысты орындау үшін 200 штат бірлігі, жер инспекциясын нығайту, сондай-ақ пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша моноторингті жүзеге асыру функцияларын олар тиісінше орындамаған жағдайда аудан, облыс әкімдерінің жер қатынастарына жетекшілік ететін орынбасарларының жауапкершілігін күшейту қажет. Ал халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, сауда нарығында жүрген қожалықтарға еш зияны тимейді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік ор­гандардың жер қатынастары жө­ніндегі бөлімі жер заңна­ма­сы­ның нормаларын сақтау бойын­ша тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша, жер бөлу заңдылығы бөлігінде бір­қа­тар заңбұзушылық анықтал­ған. Жерді дұрыс пайдалана білсе ауылшаруашылығы да, өнеркәсіп, азық-түлікте көбейеді. Халық әлеуетін көтеріп, жұмыссыздықты азайтуға да септігін тигізеді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығына ниетті кәсіпкерлердің жерге сұранысы 15 миллион гектарды құрап отыр. Келер жылдың соңына дейін мемлекетке қайтарылған жерге қатысты нақты шешімдер қабылданады.Сонымен қатар пайдалылмайтын жерлердің 90 пайызы – жайылымдар, қалғаны – егістік. Бұл жайында Ербол Қарашөкеев:

«Барлық жер телімдері құжат бойынша мемлекет меншігіне рәсімделеді. Енді заң бойынша жергілікті билік пен әкімдіктер таратуды бастайды. Әрине, жайылым жер жетіспей жатқан шаруаларға басымдық беріледі. Егістік алқабы аз болғандықтан, жер беру мәселесін тыңғылықты қарау керек», – дейді ауыл шаруашылығы министрі.

Мысал ретінде «Жер аманат» комиссия мүшелерінің Жамбыл облысына сапарын келтіруге болады. Халықтың мұқтаждықтарын тыңдап, өңірдегі 46,3 мың гектер жерді мемлекетке қайтарды. Ендігі кезекте Жамбыл облысына ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны кеңінен тарату шеңберінде бүгінгі күні жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кейінгі екі жылда инвес­ти­ция­лық-инновациялық жо­ба­лар үшін 12 386 гектар жер учас­ке­сі рәсімделіп, табысталды.

«2025 жылға дейінгі агроөнеркәсіпік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобада көрініс тапты. Ұлттық жоба шеңберінде бөлінген лимиттерге сәйкес 2023 жылдан бастап ауыл халқына микрокредит беруді іске асыруға жыл сайын 7,5 мың микрокредит беруді жоспарлап, 30 млрд. теңге сомасында қаржыландыру көлемі көзделген», – дейді ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар, облыс әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес Ұлттық жобада қаржыландырудың белгіленген көлемі жеткіліксіз. Пилоттық жобаны кеңінен тарату үшін 2023 жылға қажеттілік 11 мыңнан астам ауыл тұрғындарын қамтитын 52,4 млрд. теңге, 2024 жылға 12мыңнан астам халыққа –74,6 млрд. теңге, 2025 жылы шамамен 13 мың микрокредит беру – 76,7млрд. теңгені құрайды.

Облыстың жалпы жер қоры – 14,4 млн гектар. Бұл республика аумағының 5,3 пайы­зы­на тең. Ауыл шаруа­шы­лы­ғы мақсатындағы жер көлемі – 4,7 млн гектар. Облыстың табиғи орналасу ерек­ше­лік­теріне және жер байлығына сәй­кес аграрлы-индустриялық ай­мақ болып саналады. Аумақтың 72 пайызы егін және мал шаруа­шы­лығын дамытуға қолайлы. Осы­ған орай ауыл шаруашылығына арнал­ған жерді қорғау және тиімді пай­далану өзекті мәселе болып отыр.

Бұл бір ғана облыс мәселесі, осындай қаншама елді-мекен бар. Жерді игермей отырғандардың салығы артып барады, иеленіп қана отыру тиімсіз. Кәсіп жасайын деген азаматтарға жер керек. Ал егін салуға құнарлы жер болғандықтан, ауыл шаруашылығын дамыған елдердегідей толығымен цифрландыруға көшіру қажет.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: