Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліОқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған жаңа бағыттарды пысықтады, деп хабарлайды El.kz
«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында 2022-2023 оқу жылының жаңалықтары қаралды. Жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта 35 оқу аптасын, 2-11 сынып аралғында оқитындар үшін 36 оқу аптасын құрайды. Биыл қазақ тілінде білім алатын бірінші сынып оқушылары «Әліппе» мен «Ана тілін» ғана оқиды. Ал орыс тілін екінші сыныптан, ағылшын тілін үшінші сыныптан бастап меңгереді», - делінген министрлік мәліметінде.
5 - 11 сыныпта оқитын балалар үшін вариативтік компонентке «Жаһандық құзыреттер» курсы енгізіледі. Әдістемелік нұсқау хатта вариативті компоненттегі сағаттарды ұтымды пайдалану, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар көрсетілген.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс