2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік операциялар орталығында өткен халықаралық семинарда Қазақстан мен ГФР әскери қызметшілері көшбасшылық және азаматтық білім беру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері, радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, Құрлық әскерлері әскери институтының оқытушылары, сондай-ақ оқу орталықтарының нұсқаушылары қатысты.
Қазақстандық әріптестері үшін подполковниктер Фридрих фон Бисмарк пен Андре Шредер «Көшбасшылық пен азаматтық білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі мазмұны» және «ХХІ ғасырдағы көшбасшылыққа төнетін сын-қатерлер» тақырыптары бойынша дәріс оқыған. .
Семинарға қатысушылар офицерлерді дайындаудың түрлі үлгілерімен танысты. Сондай-ақ, қазіргі заманғы көшбасшылардың алдында тұрған сын-қатерлер, әскери мамандарды кәсіби және адамгершілік жағынан жетілдіру мәселелері талқыланды.
ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығы бастығының орынбасары подполковник Рүстем Сүлейменов атап өткендей, әскери қызметшілердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту, олардың өз бетінше шешім қабылдау және азаматтық жауапкершілікті сезіну қабілеті бітімгерлік контингентті дайындауда үлкен маңызға ие. Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасына дәрістер, тренингтер, интерактивті сабақтар және пікірталастар ұйымдастырылды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова