Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБішкекте (Қырғызстан) премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ЕАЭО шеңберіндегі орта мерзімді кезеңге арналған бірлескен іс-қимылдардың негізгі міндеттері мен басым бағыттары, энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласындағы кооперациялық жобаларды іріктеу тәсілдері және басқа да мәселелер талқыланды.
Бүгін біз комиссия дайындаған бірқатар баяндамаларды тыңдаймыз, елдеріміз үшін маңызды мәселелерді талқылаймыз, сондай-ақ ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын айқындаймыз. Қабылданған шешімдер біздің ұйымның одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, жаңа серпін беретініне сенімдімін, — деді отырыста сөз алған Әлихан Смайылов.
Іс-шараға Беларусь үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Армения вице-премьері Мгер Григорян қатысты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары