Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада өтіп жатқан сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары судья Айжан Құлбаеваға сенімсіздік білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Сот отырысын айыптаушы тараптың Бишімбаевтың тергеуден бас тартқанын мәлімдеуінен басталған. Ол Бишімбаевтан желтоқсандағы тергеу әрекеттерінен бас тартуының себебін сұрады. Айыпталушы білікті қорғаушылар болмағанын және өзін нашар сезінгендіктен тергеуге қарсы болғанын айтты.
Осы кезде судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа бірнеше рет ескерту жасаған соң, қорғаушы тарап та өз наразылығын білдірді. Осыдан кейін судья алқабилерден сот залын босатуды сұрады. Кейін тікелей эфирдегі сот отырысы тоқтап қалды.
Қуандық Бишімбаевтың екінші адвокаты Назкен Құсайынова әріптесінің судьяға ресми наразылық білдіргенін атап өтті. Айта кетейік, қазіргі таңда Қуандық Бишімбаевтың екі адвокаты сот залына кіре алмаған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді