10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот отырысында судья Айжан Құлбаева алқабилерге арналған сұрақтарды оқыды. Тізімде 13 сұрақ, оның 10-ы Бишімбаевтың кінәсін дәлелдеуге, 3-і екінші сотталушы Байжановтың кінәсіне қатысты.
Осыдан кейін алқабилер дауыс беру және қорытынды шығару үшін кеңесу бөлмесіне жіберілді.
Осы уақытта кулуарда жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова журналистерге Бишімбаевқа қанша жыл берулуі мүмкін екеніне қатысты пікір білдірді.
Өмір бойына бас бостандығынан айыру үшін алқабилер бірауыздан дауыс беруі керек. Математикалық тұрғыдан болжам жасаудың өзі қиынға соғады. Менің болжамымша, 20 жылдан 25 жылға дейін үкім шығарады. Егер 10 алқабидің 10-ы бірауыздан дауыс берсе, онда өмір бойына сотталады, - деді ол.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді