6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәжілістің кулуарында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтан тілшілер Қуандық Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейтінін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомства өкілінің айтуынша, Бишімбаев әлі күнге дейін сот үкіміне шағым түсіріп жатыр. Содан кейін ғана оның қай түрмеге жіберілетіні анықталатын болады.
Су тасқынына байланысты біз бірнеше колонияны басқа өңірге көшірдік. Осы санатқа жататындарға бөлек аймақтар бөлінген. Бізде түрмелер толып тұр. Сол себепті дәл қазір Бишімбаев қандай түрмеге баратынын айта алмаймын, – деп қысқа қайырды Марат Қожаев.
Айта кетейік, бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаев Астанаға қарасты жалғыз қауіпсіздігі жоғары мекеме Аршалы түрмесіне жіберілуі әбден мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі