Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСот отырысы барысында Қуандық Бишімбаев телефонының құпия сөзін айтудан бас тартты. Ол құпия сөзді адвокатына ғана бере алатынын айтып, сотқа беруден бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қуандық Бишімбаев бірнеше рет телефонын прокурор мен сот өкіліне бере алмайтынын, оның ішінде өзге де жеке деректері бар екенін айтып ақталды.
Мен кодты қорғаушыма ғана беремін, - деді Бишімбаев.
Алайда судья Айжан Құлбаева кодты тек сотқа беруге болатынын айтып, телефонның заттай айғақ ретінде кодпен бірге қылмыстық іс материалдарына енгізілетініне қарсылық білдірді.
Сотталушы Бишімбаев сотқа телефонының кодын беруден бас тартқандықтан, біз сот тергеуінің одан әрі тәртібіне көшеміз, - деді судья.
Бұған дейінгі сот отырыстарында Қуандық Бишімбаев өзінің кінәсіз екенін телефонында жазған хаттар арқылы дәлелдей алатынын айтқан еді. Бірақ бүгінгі сот отырысында телефонын беруден бас тартты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді