23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Осыдан бірер күн түрмеден қашып кетті деп ақпарат тараған экс-министр Қуандық Бишімбаев бүгін сот отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Бишімбаев өзін ата-ана құқығынан айыру туралы сот отырысына онлайн қатысты.
Естеріңізде болса, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бір ай бұрын экс-күйеуін ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа шағымданған. Алайда оның арызы қанағаттандырылмаған. Сонымен қатар ол балаларының тегін ауыстыруға рұқсат беруді сұраған. Сот бұдан да бас тартқан. Қаһарман апелляцияға өтініш беріп, бүгін сол іс сотта қаралды.
Сөйте тұра шешім өзгеріссіз қалдырылды. Бишімбаев өз балаларының әкесі болып қалды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік