6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанадағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманға алимент төлеу шарттарын өзгерту туралы қарсы талабын қарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бишімбаев үш кәмелетке толмаған баласын асырауға арналған ай сайынғы 1,6 миллион теңге көлеміндегі төлемді азайтуды сұрады. Ол өзінің бостандығынан айырылғанын және табыс көзі жоғын алға тартқан.
Сонымен қатар ол балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де қосымша білімге төленетін шығындарды, медициналық қызмет көрсету, жыл сайынғы демалыс (ел ішінде және шетелде), оның ішінде тұру, тамақтану, сақтандыру мен жол шығындарын өтеу туралы келісімшарттағы тармақтарды алып тастауды сұрады.
Алайда сот оның талаптарын қанағаттандырмады. Сот Бишімбаевтың қаржылық ахуалын әдейі төмендеткенін анықтады: ол 2024 жылғы тамызда сот алдында өз мүлкін өзгелерге тегін берген.
Бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі