23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Қазгидромет» 26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялап, елдің бірнеше өңірінде ескерту жасады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәулікте ауа райы құбылып, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, өрт қаупі жоғарылайды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Маңғыстау, Ақтөбе, Абай, Атырау, Түркістан және Жамбыл облыстарында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Кей аймақтарда найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ұлытау облысының кей жерлерінде көктайғақ байқалуы ықтимал.
Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірлерінде жел күшейіп, әсіресе Алакөл маңында оның жылдамдығы артады. Өрт қаупі бұл аймақтарда да жоғары деңгейде болады.
«ҚазАвтоЖол» мамандары үш облыстағы жүргізушілерге жолда аса сақ болуды ескертті. Мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты ел тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады