13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлдағы Құрылтай сайлауы шетелдік сарапшылар арасында Қазақстандағы саяси өзгерістерді талқылауға түрткі болды.
Парламенттік жүйені реформалау және оның ел үшін маңызы туралы америкалық Hudson Institute ұйымының аға ғылыми қызметкері Кен Мориясу өз пікірімен бөлісті.
Меніңше, бұл – саяси жүйені реформалауға, шешім қабылдау процесін жеделдетуге, сондай-ақ сабақтастық мәселесі мен елдің одан әрі даму бағытына айқындық енгізуге жасалған ұмтылыс. Сондықтан мұны оң қадам деп есептеймін, - деп атап өтті ол «Қазақстан және жаңа еуразиялық ландшафт: стратегиялық серіктестіктер, өзара байланыс және экономикалық мүмкіндіктер» дөңгелек үстелінің кулуарында.
Мориясудың пікірінше, Қазақстан саяси өзгерістерді одан әрі жалғастырумен қатар, олардың ұлттық мүдделерге сай келуін камтамасыз етуге тырысуда.
Қазақстанның демократиялы болу қалауы мен өзгерістер нәтижесінің Қазақстан халқының мүддесіне қызмет етуін және елдің халықаралық ұстанымын нығайтуын қамтамасыз ету қажеттілігі арасында теңгерім табуға ұмтылатынын білемін. Сондықтан мұнда әрдайым балансты сақтау маңызды, - деп атап өтті сарапшы.
Ол парламенттің бірпалаталы үлгісіне көшу шешім қабылдау процесін жеделдетуге ықпал ететінін қоса айтты.
Екіпалаталы парламенттен бірпалаталы жүйеге өту – осы мақсаттарға қол жеткізу үшін шешім қабылдау процесін жылдамдатуға жасалған ұмтылыс деп ойлаймын, - деп түйіндеді Кен Мориясу.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды