Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыТараз қаласының соты бірнеше рет алаяқтықпен айналысқан шетелдік азаматты Қазақстан аумағынан шығару жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Белгілі болғандай, Әзербайжан азаматы екі жылдан астам уақыт бұрын Жамбыл облысында түрлі алаяқтық әрекеттерге барған. 2023 жылы Тараз қалалық №2 соты оны қылмыстық жауапкершілікке тартқан.
Жуырда жергілікті полиция басқармасы ер адамды елден шығару жөнінде қайтадан сотқа жүгінді. Құқық қорғаушылар оның қоғамдық тәртіпке қауіп төндіруі мүмкін екенін алға тартқан.
Сотталушы бұл шешімге қарсы емес екенін білдіріп, Қазақстанда отбасы мен жақындарының жоқ екенін айтты.
Сот «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңға сүйене отырып, талапты қанағаттандырды және шетелдік азаматқа бес күн ішінде ел аумағын тастап шығуды міндеттеді.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады