Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік бөлігінде су тасқыны қаупі сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты. Оның сөзінше, атмосфералық бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктегі тау аудандарында қатты жауын-шашын болады деп болжанады. Мұнда көбіне жаңбыр жауады.
Сондай-ақ Қазақстанда найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді, ал оңтүстікте дауыл соғады.
«Өткен тәулікте 5 облыс бойынша 4 гидрологиялық дауылды ескерту жарияланды - Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан және Алматы облыстарында. Солтүстік Қазақстан облысында 15-19 сәуір аралығында Ақмола облысынан Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендерінен жанама ағындардың келуіне байланысты Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын және Есіл аудандарында су деңгейінің көтерілуі, су тасқынының екінші толқыны және қауіпті деңгейден асуы күтілуде. Шығыс Қазақстан және Абай облыстары Ертіс-Абылайкит өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі 313 см құрады, шекті деңгей 300 см,- деді «Қазгидромет» РМК өкілі.
Сонымен қатар, 16-17 сәуір аралығында Алматы және Түркістан облыстарындағы таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын салдарынан өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі сақталады. Сондай-ақ автожолдарды, елді мекендерді және шаруашылық нысандарды су басуы мүмкін.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова