23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
2-5 ақпан аралығында Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты жауын-шашын, көктайғақ орын алуы ықтимал.
Түркістан облысында 4 ақпанда түнде және таңертең оңтүстігінде, таулы аймақтарында және тау бөктерінде, 5 ақпанда таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, 3 ақпанда таулы аймақтарында 15-20 м/с, 04-05 ақпанда оңтүстікте, таулы аймақтарында және тау бөктерінде 15-20 м/с-қа жететін жел соғады, - делінген хабарламада.
Шымкент қаласында 4 ақпанда түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Алматы облысында 5 ақпанда жауын-шашын, облыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман, 05 ақпанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысында 5 ақпанда облыстың таулы аймақтарында және тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады