6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСиноптиктер республиканың тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 11 қазанда Астанада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шымкентте солтүстік-батыстан жел тұрып, солтүстік-шығысқа ауысады. Жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының солтүстік, шығысына батыс, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен орталығында түнде 3 градусқа дейін аяз болады.
Батыс Қазақстан облысының түнде шығысында, күндіз көп бөлігінде жауын-шашын түсіп, жаңбыр қарға ұласады. Облыстың шығысында түнде, батыс пен солтүстігінде таңертең көктайғақ болады. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігі, шығысында түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Облыстың батысы мен солтүстігіне оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында батыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың шығысында түнде оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың көп бөлігінде 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысының солтүстігі, батысы, таулы және тау баурайындағы аудандарында түнде, таулы асуларда күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғып, солтүстік-шығысқа ауысады. 11 қазанда облыстың солтүстік, батысында өрт тұтану қаупі жоғары болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі