12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
28 желтоқсанда Атырау облысының басым бөлігіне тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарына тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығына тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысында, Семей қаласында және ШҚО-да, Өскемен мен Риддер қаласында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер