13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазгидромет 21 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Таңертен және күндіз 21, тәулігіне 22 қазанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 29 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды